Кәсіпкерлік кодексі осы процесті жіті регламенттеген. Мәселен, 82 бапта, егер мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралын енгізгісі келсе, алдын ала РӘС процедурасы жасалу керектігі анық айтылған. Алайда өкілетті органдар РӘС жүргізуді қазір жіберді.
Парламент Мәжілісіне қарауға 2017 жылы 40 заң жобасы түскен болса, тек соның 9-ында ғана Ұлттық экономика министрлігі жасаған РӘС-тің нәтижелерін ұсына алды. Ал сол кезде көптеген заң жобаларында бизнесті реттеуге бағытталған түрлі жаңа реттегіштер пайда болды. Мысалы, «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы (21 бап) өкілетті органның Қазақстан аймақтары және республикадан тыс жерлерге мұнай мен табиғи газды жеткізуге жаңа мониторинг жасау талаптарымен толықтырылған. Бұрын мониторинг жасау тек республика аумағындағы сату бағасына ғана жасалатын. Енді сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, электронды сауда алаңының иелеріне, өкілетті органға әрбір тәулік сайын өндіріс көлемі, сату және босату туралы мәліметтер жүктелетін болыпты. Осының бәрі тиісті РӘС жасалмай ұсынылып отыр. Ал 158 бап бойынша бөтен тауарлық белгіні қолданғаны, қызмет көрсету белгісі, тауардың өндірілген орнының атауы немесе фирмалық атауы болмағанда салынатын айыппұл мөлшері шамамен 20-25 пайызға төмендетілген. Бұлар тауардың сапасы мен қауіпсіздігін төмендетуге жол беріп қана қоймай адал жұмыс істейтін кәсіпкерлердің бәсекелестікке қабілеттігіне нұқсан келтіреді.
РӘС-ке байланысты мәселелер мұнымен де шектелмейді. Сараптар реттегіш құрал енгізілмей тұрғанда ғана емес, соңынан да жасалуы керек еді. Тек соның нәтижесінде ғана тиімділігі дәлелденіп тұрса реттегіш құралдар алынып тасталуы немесе өзгертілуі керек. Ал бұл жұмыс және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативті құқықтық актілер әсерінің сарабын өкілетті мемлекеттер әлі күнге қарастырған емес.
Сондай-ақ барлық мемлекеттік басқару деңгейінде РӘС-ті өзгерту жоспарларына ашық қол жеткізе алмайсың, оларды әзірлеу мен атқаруды бақылайтын мониторинг жүйесі де құрылмаған. Сондықтан бұл жұмысты қанағаттанарлық деп айту қиын. Ал осындай сараптың жасалмауы кәсіпкерлікті реттеу саласында қабылданатын заң актілері мен мемлекеттік басқару органдарының шешімдерінің өте сапасыз болу тәуекеліне ұрындырады.
Осы мәселелерді біз Үкімет басшысына білдіре отырып, Реттеушілік әсердің сарабы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданатын барлық шаралар туралы ақпарат беруін өтіндік.
Екатерина НИКИТАНСКАЯ,
Мәжіліс депутаты